Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына келді.
Сапар аясында Президент биыл құрылысы аяқталған білім беру және спорт нысандарын аралап, пандемия кезінде аймақтағы оқу процесінің ұйымдастырылуымен танысады.Мемлекет басшысы бірқатар индустриялық өндірістерді аралап, ірі инвестициялық жобалардың іске асырылу барысымен және “Сарыарқа”арнайы экономикалық аймағының дамуымен танысуды жоспарлап отыр. Сондай — ақ, сапар барысында “АрселорМиттал Теміртау” металлургиялық комбинатына бару күтілуде”,-деп хабарлады Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында.
Сурет: zakon.kz