Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев адам құқықтары жөніндегі жаңадан сайланған уәкіл Эльвира Әзімовамен кездесу өткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Эльвира Әзімованың негізгі жұмыс бағыттары мен міндеттерін айқындады.
Сонымен қатар, мемлекет басшысы Эльвира Әзімоваға Қазақстан Парламенті және Үкіметімен өзара іс-қимылды шоғырландыруға қатысты бірқатар нақты міндеттер жүктеді.
Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары еліміздегі адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне Эльвира Әзімованы сайлады. Бұған дейін бұл қызметте Асқар Шәкіров еңбек еткен.
Сурет: Inform.kz