Қазақстан үкіметінің басшысы Асқар Мамин халықаралық жеңіл атлетика федерациясы қауымдастығының президенті Себастьян Коэмен кездеседі.
Осы жылдың 2-3 желтоқсанында болатын сапарында Себастьян Коэ Қазақстанның мәдениет және спорт министрлігінің басшысы Ақтоты Райымқұловамен кездеседі.
Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы қауымдастығының басшысы Нұр-Сұлтанға сапары кезінде Altay Kids Cup III балалар жарыстарының қатысушыларын марапаттау мақсатында Оқушылар сарайының жеңіл атлетикалық манежіне барады.
Сонымен қатар, Себастьян Коэ салынып жатқан «Жабық жеңіл атлетикалық кешен» нысанымен танысып, баспасөз мәслихатына қатысады.
Сурет: 24.kz