Қазақстан үкіметі басшысы Асқар Мамин жұмыс сапарымен Түркияға барады,онда сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Түрік үкіметаралық комиссиясының отырысына қатысады. Бұл туралы оның баспасөз қызметі хабарлайды.
Сондай-ақ, Түркия Республикасына жұмыс сапары аясында премьер-министр Қазақстан-Түрік бизнес-форумына қатысып, Түркия президенті Реджеп Эрдоғанмен кездеседі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің ақпараты бойынша, Қазақстан-Түрік бизнес-форумына 150-ден астам отандық және 700-ге жуық түрік компаниялары қатысады.
Жоғарыда аталған форум аясында біздің Республиканың премьер-министрі түрік бизнесінің флагмандарымен, соның ішінде Yildirim, Ronesans, Kibar, Calik, Koc, Zorlu, Eczacibasi холдингтерінің басшылығымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді.
Форум аясында Қазақстан мен Түркия компаниялары арасында денсаулық сақтау, туризм, тұрғын үй құрылысы, сондай-ақ көлік-логистикалық сектордағы ынтымақтастық туралы шамамен 20 құжатқа қол қойылады деп жоспарлануда.