Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінде заң мәселелері бойынша кеңес беретін call-орталық жұмыс істей бастады.
Әскери қызметшілер мен әскери күштердің азаматтық қызметкерлері тегін заң кеңесін ала алады. Call-орталықтың басты мақсаты ақпараттық және консультациялық заң көмегін көрсету, әскери қызметшілерді өздерінің заңды құқықтары мен мүдделерін қолдна білуге үйрету, сондай-ақ тиісті бөлімшелерге қажетті ақпаратты тез беруді қамтамасыз ету болып табылады. Кеңес қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Көмек әскери қызмет өткеру кезеңінде туындауы мүмкін барлық құқықтық мәселелер бойынша, атап айтқанда, лауазымды адамдар тұрғын үймен қамтамасыз ету кезінде, олардың әрекеттері немесе әрекетсіздігі кезінде көрсетілетін болады.
Сурет: 24.kz