Ағымдағы жылдың 5-6 наурызында өтетін ОПЕК-тің министрлік кездесуі барысында қазақстандық тарап мемлекетте өндірілетін мұнай көлемін қысқарту бойынша қосымша міндеттемелерді алуға қатысты өз шешімін мәлімдейді. Бұл туралы ҚР энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мәлім етті.
“Біз осы ұсынысты қарап, 5-6 наурыз күндері ОПЕК – тің министрлік кездесуіндегі қорытындыларды айтамыз”, – деді Ноғаев.
Бұған дейін ОПЕК техникалық комитеті Қазақстанға мұнай өндіруді тәулігіне 20-30 баррельге қысқартуды ұсынды. Қазақстандық тарап бұл ұсынысты ойластыру қажет деп мәлімдеді.
“Бүгінгі таңда біздің міндеттеріміз тәулігіне 1,843 миллион баррель. Келіп түскен ұсыныс аясында біз тәулігіне 20-30 мың баррельді қысқартуымыз керек. Біз мұны мұнай компанияларының, ресурс ұстаушыларының жағдайына қалай әсер ететінін және біздің жоспарларымызды қалай байланыстыратынын қарастырамыз”, – деп түсіндірді Ноғаев.
Сурет: zen.yandex.ru