Жыл сайынғы MILEX-2019 қару-жарақ көрмесі Беларусьте өтіп жатыр,деп хабарлайды 24.kz ақпараттық агенттігі.
Жаңа әскери әзірлемелер Минскіде таныстырылды. Беларусьтің басты көрме алаңында 10 елден, Қытайдан ОАР-ға дейін, 160-тан астам жеке және мемлекеттік компаниялар жиналды.
Еуропадағы ең ірі MILEX халықаралық әскери форумының алаңы екі жылда бір рет ұйымдастырылады. Мұнда, Қазақстанды қосқанда,35 елден 60-қа жуық делегация келеді. Бұл әлеуетті сатып алушылар, инвесторлар және жаңа қару-жарақпен бірлесіп жұмыс істеуге дайын серіктестер.
Қазақстандық брондалған доңғалақты машиналардың үлгілері форум қонақтарының назарына түсті. Олар минаға қарсы күшейтілген бронды жаңа технология бойынша жасалған.