Еліміздің президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әзербайжан Республикасының әріптесі Ильхам Әлиевпен кездесуі өтті, оның барысында Қазақстан-Әзірбайжан қарым-қатынастарын нығайту мәселелері талқыланды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан мен Әзірбайжан президенттерінің кездесуі Германияның Мюнхен қаласында өтіп жатқан қауіпсіздік жөніндегі конференция алаңында өтті.
Мемлекет басшылары көлік-логистикалық, ауыл шаруашылығы, энергетика және коммуникациялық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға байланысты мәселелерді талқылады.
Сондай-ақ кездесу аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев біздің ел мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы сауда-экономикалық өзара іс-қимылды нығайту мәселелеріне назар аударды.
Қазақстан басшысы бүгінгі таңда Әзірбайжан – біздің республикамыздың оңтүстік Кавказдағы ғана емес, Каспий өңірі бойынша да басты әріптесіміз екенін атап өтті. Тоқаев екі мемлекет арасында қызметтің барлық салаларында қарым-қатынас орнағанын баса айтты.
Әзірбайжан президенті өз кезегінде Қазақстан-Әзірбайжан қарым-қатынастарының деңгейін жоғары бағалап, екі ел арасында екіжақты байланыстар белсенді дамып келе жатқанын мәлімдеді.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев әзірбайжандық әріптесін Қазақстан Республикасына ресми сапармен келуге шақырды.