Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы Мұхтар Тілеуберді Қырғыз Республикасынан келген әріптесі Шыңғыс Айдарбековпен кездесу өткізді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Екі бауырлас мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерінің келіссөздері Өзбекстан астанасында Орталық Азия елдерінің сыртқы саяси ведомстволары басшыларының кездесуі аясында өтті.
Кездесу барысында ведомство басшылары Қазақстан мен Қырғызстанның ынтымақтастығына қатысты бірқатар өзекті мәселелерді талқылады. Сонымен қатар, тараптар сауда-экономикалық өзара іс-қимылды нығайту перспективаларын қарастырды.
Қазақстандық сыртқы істер министрлігінің ақпараты бойынша, келіссөзге қатысушылар алдағы кездесулер мен жоғары деңгей сапарлары жоспарына көңіл бөлді.
Кездесу соңында Қазақстан мен Қырғызстан сыртқы саяси ведомстволарының басшылары екі ел арасындағы көпжақты құрылымдар бойынша өзара іс-қимылды жандандыру ниетін растады.