Қазақстан Индустрия министрлігінде Жамбыл облысында Қырғызстанмен мемлекеттік шекарада орналасқан “Қордай” өткізу пунктін жаңарту барысы туралы баяндалды.
Ведомство өкілдерінің айтуынша, қазір өткізу пунктінде жалпы ұзындығы 137 метр қолданыстсғы жүретін жолды, сондай-ақ өткізу терминалдарын, бақылау-өткізу пункттері мен шекара қызметі ғимаратын қайта құру жұмыстары жүргізілуде.
Министрлікте хабарлағандай, биыл өткізу пунктін жаңартумен айналысатын “Дорстрой” ЖШС мердігерлік ұйымының алдына тез тексеруге арналған жаңа инспекциялық-тексеру кешенін салу міндетін қойды.
Қырғыз Республикасымен шекарадағы өткізу пунктін жаңартуға 127 адам мен 15 арнайы техника жұмылдырылды.
Құрылыс аяқталғаннан кейін бұл пункттің күн сайын 2,5 мың автомобиль мен 23 мың адамды өткізуге мүмкіндігі болады деп жоспарлануда.
Индустрия министрлігінде “Қордай” өткізу пунктін жаңарту жұмыстары ағымдағы жылдың соңына қарай аяқталатынын айтты.
Сурет: 24.kz