Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев “2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы”Заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Заңда “Сартөбе” және “Аухатты” автокөлік өткізу пункттерінің мәртебесін екіжақты қатынастан көпжақты халықаралық жүйеге ауыстыру көзделген. Мұндай шаралар “Қарасу” және “Қордай”өткізу бекеттеріне автокөлік жүктемесін төмендетуге көмектеседі. Хаттамада сондай-ақ осылайша Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы одан әрі жақсарады, бұл бүкіл Орталық Азия өңірінің ортақ тауар айналымына жағымды әсер етеді.
Бүгінгі күні екі мемлекет арасында 11 өткізу пункті жұмыс істейді,оның 6 -сы екіжақты, ал 5-і көпжақты халықаралық мәртебеге ие. Кеден қызметтерінің есептеулері бойынша, бір жыл ішінде 7 өткізу пункті арқылы 11 миллионға жуық адам өтеді, 1,7 миллион автокөлік, оның 400 мыңы жүк болып табылады.
Сурет: news.myseldon.kz