Бейнеконференция байланысы арқылы Шу және Талас өзендерінде мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану жөніндегі қазақстан-қырғызстан комиссиясының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды “Қазақпарат”ақпарат агенттігі.
Қазақстан тарапынан бейнеконференцияға Экология министрлігінің, Сыртқы саясат ведомствосының және Жамбыл облысы әкімдігінің өкілдері қатысты.
Отырыс барысында тараптар Шу және Талас өзендері бассейндері үшін стратегиялық іс-қимыл бағдарламасының жобасының әзірлену барысымен танысты.
Сондай-ақ, Қазақстан-Қырғызстан комиссиясының мүшелері мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы құрылыстарында жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселелерін талқылады.
Өзбекстанның Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуы туралы айта келе, аталған комиссия мүшелері Орто-Тоқой және Киров су қоймаларының қауіпсіздігін бірлесіп тексеру туралы шешім қабылдады.
Бейнеконференция соңында қатысушылар Шу және Талас өзендеріндегі су қоймаларының жұмыс режимі келісілді,сонымен қатар, ағымдағы жылдың вегетациялық кезеңіне екі республиканың мемлекетаралық арналары бойынша су беру кестесін бекітті.