Қазақстанның Қырғызстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Нұрпейісов Қырғыз Республикасының сыртқы саяси ведомствосы басшысының орынбасары Нұран Ниязалиевпен кездесті.
Кездесу барысында ағымдағы жылдың қараша айының соңында белгіленген біздің Республикамыздың президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстанға мемлекеттік сапарын ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, екі бауырлас мемлекеттің дипломаттары Қазақстан мен Қырғызстанның ынтымақтастығына қатысты мәселелерді талқылап, оларды дамытудың негізгі перспективалы бағыттарын қарастырды.
Екі жақты кездесу соңында бауырлас екі ел арасындағы ынтымақтастық пен стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.