Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасында Қазақстан парламентінің төменгі палатасы мен Қырғызстан Жогорку Кенеш депутаттарының отырысы өтті, онда шекаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі заңнаманы жетілдіруге қатысты мәселелер талқыланды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Мәжілісінің баспасөз қызметі.
Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божко жұмыс бабындағы кездесуге қатысушылардың алдында сөйлеген сөзінде екі бауырлас елдің мемлекеттік шекараларына өткізу пункттерінің инфрақұрылымын жетілдірудің маңыздылығына назар аударды, өйткені Қазақстан мен Қырғызстан азаматтары шекарадан өту кезінде кезектің үлкендігіне шағымданады.
Отырыс барысында Қырғыз депутаттарына шекарадағы автомобиль өткізу пункттерінің қызметін қамтамасыз етуге қатысты қазақстандық ведомстволар жұмысының негізгі бағыттары туралы ақпарат берілді.
Сондай-ақ, отырыста ” Шу өзені арқылы өтетін Қарасу” – “Ақ Тілек” өткізу бекеттері арасындағы көпір құрылысы жөніндегі үкіметаралық келісімді іске асыруға, “Кеген-автодорожный” және “Қарқыра-автодорожный” өткізу бекеттерінің жұмыс тәртібінің мерзімін арттыруға байланысты мәселелерге ерекше назар аударылды.
Отырыс соңында Қазақстан парламенті төменгі палатасы төрағасының орынбасары Қырғыз тарапына, айтылған мәселелерді шешуге ықпал ететін, кездесулерді тұрақты түрде өткізуді ұсынды.