“Кең-Булун-автожол” және “Токмок-автожол” шекаралық өткізу бекеттерінің мәртебесін екіжақты қатынастан көпжақты өткізу бекеттеріне өзгертілді. Бұл туралы Мемлекеттік шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мұндай шешім өткен жылдың 17 тамызында Қазақстан мен Қырғызстан арасында қол жеткізілген келісімдер аясында қабылданды. Бұрын аталған өткізу пункттері арқылы тек екі мемлекеттің азаматтары ғана өте алатын еді.
“2 наурыз күні сағат 8:00 – ден бастап, “Кең-Булун-автожол” (Қырғызстан) — “Ауқатты” (Қазақстан) және “Токмок – автожол” — “Сортөбе” өткізу пункттері үшінші елдердің азаматтарын өткізуді бастайды”, — делінген хабарламада.
“Токмок-автожол” және “Кең-Булун-автожол” жеке тұлғаларды, көлік құралдарын және жүктерді өткізуді жүзеге асырады.
Сондай-ақ, баспасөз қызметі бұл пункттердің тәулік бойы жұмыс істейтінін атап өтті.
Сурет: m.ru.sputnik.kg