Қызылорда облысы полиция департаментінің басшысы қызметін атқаратын Бекторе Сұлтан жұмыс сапарымен Байқоңырға барды. Онда ол Байқоңыр әкімшілігінің басшысы Константин Бусыгинмен, сондай-ақ «Байқоңыр» кешеніндегі Ресей ІІББ бастығы Алексей Кузьминмен кездесті. Бұл туралы «ҚазАқпарат»жаңалықтар ресурсы хабарлайды.
Кездесу барысында тараптар қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі өңірлік өзара іс-қимылды тереңдету, Қазақстан ІІМ жанындағы Қызылорда облысы бойынша полиция департаменті, сондай-ақ Ресей ІІМ «Байқоңыр»кешеніндегі басқармасы арасындағы қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық жөніндегі іс-шаралардың жалпы жоспарын әзірлеу және бекіту мәселелерін талқылады.
Тараптар Байқоңырда қылмысқа қарсы іс-қимылдың бірлескен бағдарламасын орындау кезінде ерекше мәртебе мен жұмыс режимін ескере отырып, кешенді тәсіл, сондай-ақ ынтымақтастықтың жалпы стратегиясы мен тактикасын жетілдіру қажет екенін атап өтті.
Кездесу соңында тараптар ағымдағы жылға Байқоңыр аумағында ұйымдастыру-құқықтық іс-шаралар өткізудің бірлескен жоспарын қабылдады.
Сонымен қатар, сапар аясында Сұлтан Байқоңырдағы Қазақстан Ішкі істер министрлігі өкілдігінің бастығымен кездесу өткізіп, оған қоғамдық тәртіпті сақтау, конституциялық азаматтық құқықтарды қорғау, сондай-ақ жеке құрам арасындағы сыбайлас жемқорлық фактілерінің жолын кесу жөніндегі шараларды қатаңдатуды тапсырды.
Сурет: kursiv.kz