Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары “Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының үкіметтері арасында Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі бойынша келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы” заң қабылдады.
ҚР сыртқы саяси ведомство басшысының орынбасары Марат Сыздықов шекара маңындағы өңірлердің тұрғындары үшін келісіммен Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өтетін 105 орын қарастырылғанын хабарлады.
“Бір тәулік ішінде аталған орындарды шекара маңындағы өңірлердің мыңдаған тұрғыны кесіп өтеді. Жалпы ҚР мен РФ шекарасындағы жағдай бірегей болып табылады. Мұндай жұмыс режимі еш жерде, бірде-бір ҚР мемлекеттік шекарасының басқа учаскесінде жоқ.Бұл ҚР мен РФ ынтымақтастығының стратегиялық сипатын көрсетеді.Біздің еліміздің шекаралас өңірлерінің көптеген тұрғындары үшін,ҚР орталықтарына қарағанда,Ресейдің аудандық және облыстық орталықтары жақын. Сондай-ақ туыстар,жақын адамдар, көршілер арасындағы қарым-қатынасты да ұмытуға болмайды”, – деді Сыздықов.
Сондай-ақ, сыртқы істер министрінің орынбасары екі елдің шекара маңы тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту туралы келісімге 2006 жылы қол қойылғанын айтты. Онда шекараны кесіп өту үшін қажетті құжаттар тізбесі мен тәртіп қарастырылған.
“Азаматтарды тіркеу кітабыны күшін жойып, мекенжай анықтамасының енгізілуіне байланысты, аталған келісімге тиісті хаттама арқылы өзгерістерді енгізу қажеттілігі туындады. Құжат шекарадан өту тәртібін жеңілдетуге бағытталған.Ол шекараны жеке куәлік пен мекен-жай анықтамасы бойынша өтуге мүмкіндік береді”, – деп түйіндеді министрдің орынбасары.