“Байқоңыр” Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы Басқарма төрағасының орынбасары Ирина Ким “Байқоңыр” арнайы экономикалық аймағы үшін мемлекет үш мыңнан астам гектар жер бөлгенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Қызылордада Baikonyr Invest форумын өткізу барысында мәлімдеді.
“АЭА-ның әрекет ету мерзімі 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2045 жылдың 31 желтоқсанына дейін, яғни 25 жылға жоспарланып отыр. Бірінші бағыт – “Бәйтерек” ғарыш зымыран кешені бойынша Қазақстан мен Ресейдің бірлескен жобасын іске асыруды қарастыратын “Байқоңыр” ғарыш айлағын құру”, – деді Ким.
Ол ағымдағы жылдың мамыр айында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қысқа мерзімде арнайы экономикалық аймақ құруды тапсырды.
Бүгінгі күні аймақ құру тұжырымдамасының жобасы және Ресей мен Қазақстан Үкіметтері арасындағы келісім әзірленді.
Сурет: ru.sputniknews.kz