Факты истории

Қазақстан мен Ресей өзара сауда көлемін ұлғайтты

Өткен жыл екі бауырлас ел — Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара сауда саласы айтарлықтай нәтижелі болды. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық экономика министрлігіннде айтты.

Мәселен, өткен жылдың 9 айында біздің республикамыз бен Ресей Федерациясы арасындағы тауар айналымының көлемі 17,2 миллиард долларды құрады. Бұл 2018 жылдың ұқсас көрсеткішінен 3% жоғары.

Екі мемлекет арасындағы өзара саудадағы тағы бір маңызды жетістік — қазақстандық өнімнің Ресей Федерациясына экспорты 2,3%-ға өсіп, тауар айналымының жалпы көлемінен 5 миллиард долларды құрады.

Қазақстан ведомствосының сарапшылары Ресей тарапынан да біздің республикамызға экспорттың өсуі байқалатынын атап өтті. 2019 жылдың 9 айында бұл көрсеткіш 3,1%-ға өсіп, Қазақстанмен өзара сауданың жалпы көлемінен 12,2 миллиард долларды құрады.

Бұдан басқа, Қазақстан Ұлттық экономика министрлігінен алынған есептеріне сәйкес, біздің еліміздің сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде Ресейге 19,9% келеді.

Сурет: iz.ru

Ещё в ленте

Все новости