Қазақстан Республикасының елордасында дөңгелек үстел отырысы өтті, оның күн тәртібіне экстремизмге қарсы күреске қатысты мәселелер қойылды. Бұл жайында Ресей ынтымақтастығы баспасөз қызметі айтты.
Пікірталасқа экстремизмге қарсы күрес саласындағы қазақстандық сарапшылар, қоғамдық бірлестіктер өкілдері, сондай-ақ біздің республикадағы Ресей ынтымақтастығы өкілдігінің қызметкерлері қатысты.
Отырыс барысында қатысушылар “Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстандағы антиэкстремистік саясат” баяндамасын талқылады.
Бұл баяндаманы азаматтық ынтымақтастық платформасының контртерроризм, антиэкстремизм және адам құқықтары жөніндегі жұмыс тобының мүшелері дайындады.
Сонымен қатар, дөңгелек үстелге қатысушылар алдында Нұр-Сұлтандағы Ресей Ғылым және мәдениет орталығының мәдени және қоғамдық-гуманитарлық бағдарламаларының үйлестірушісі Николай Мальцев сөз сөйледі.
Мальцев экстремизмге қарсы тұру мәселелерін шешуде Росынтымақтастығы білім, ағарту, ғылым, мәдениет пен өнер салаларымен бірлесе жұмыс істейтінін айтты.
Ресей ынтымақтастығы баспасөз қызметінің хабарлауынша, дөңгелек үстелдің ұйымдастырушысы Қазақстандық “Кәдір-касиет” қоғамдық бірлестігі болып табылады.
Сурет: Kaz.rs.gov.kz