Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Ливан Республикасына жұмыс сапарымен барды. Нұрлан Ермекбаев Ливан Ұлттық қорғаныс министрі Элияс Бу Саабпен кездесуді жоспарлап отыр.
Кездесу аясында қорғаныс ведомстволарының министрлері бірқатар маңызды мәселелерді талқылауды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, олар екі ел арасындағы одан арғы ынтымақтастық туралы тақырыптарды талқылайды, ал кездесу соңында халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасады.
Кеше Қазақстан Қорғаныс министрі Қазақстандық бітімгершілік контингенті әскери қызметшілерінің күнделікті өмірімен танысты. Ол құрамына Қазақстаннан бітімгершілік ротасы кіретін “Индер” батальонының жауапкершілік аймағында болды. Нұрлан Ермекбаев бітімгершілік ротасының қызметімен және оны ротациялау процесімен танысты.
Қазақстандық бітімгершілік контингентінің жауапкершілік аймағына Ливанның халықаралық танылған шекарасына сәйкес келетін “көгілдір желі” деп аталатын және қақтығысушы тараптарды ажыратудың ең даулы желісі болып табылатын шығыс бөлімнің аумақтары анықталды.