Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев “Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасы арасындағы бас бостандығынан айырылып сотталған адамдарды және медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы” Заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Шарттың басты мақсаты медициналық мәжбүрлеу шаралары қолданылған тұлғаларды реинтеграциялау болып табылады.
Шартқа қол қойған тараптар сотталған адамдарды азаматтығы бар аумақта жазасын өтеу немесе мәжбүрлеп емдеу үшін бір-біріне беруге міндеттенді.
Сондай-ақ, шартта сотталғандарды және медициналық көмекке мұқтаж адамдарды беруден бас тарту үшін негізгі себептер көзделген.
Шартта “мәжбүрлі медициналық көмекті қажет ететін адамдар” – қылмыс жасаған, бірақ психикалық тұрғыдан дұрыс емес деп танылған адамдар деп түсіндіріледі. Мұндай адамдарды арнайы мекемеге күштеп орналастырады.
Сурет: Yandex.ru