“Халықаралық бизнес аптасы – 2020” атты форум барысында Башқұртстан үкіметінің басшысы Андрей Назаров Қазақстан Республикасының делегациясымен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық байланыстарды жолға қою, сондай-ақ көтерме-тарату орталықтарын құру перспективаларын қарастырды.
“Башқұртстан Республикасы үшін Қазақстан негізгі серіктес және жақын көрші болып табылады. Біздің ынтымақтастығымыздың іске асырылмаған үлкен әлеуеті бар, оны тіпті шектеулерге қарамастан, таяу уақытта айтарлықтай кеңейтуге болады”, — деді Назаров.
Башқұртстан Үкіметі бірлескен қызметтің құқықтық негізі болып табылатын бірнеше қазақстандық аймақтармен серіктестік туралы келісімдерге қол қойды. Сонымен қатар, бұл республиканың басшылығы біздің еліміздің астанасында өкілдік ашуды жоспарлап отыр. Бұл екі республика арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды тереңдетуге түрткі болады.
Кездесу барысында қатысушылар экспорттық-импорттық ынтымақтастықты дамытуға назар аударды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Башқұртстан Республикасының Сыртқы сауда айналымында төртінші орын алды. Биылғы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында республикалар арасындағы тауар айналымы 221,8 миллион долларға жетті. Башқұртстан мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға көтерме-тарату орталықтарын құру түрткі болуы мүмкін.
Мұндай орталықтар экспорт пен импорт ағындары жүретін хабтардың рөлін жүзеге асырады. Башқұртстан логистика тұрғысынан тиімді орналасқан, өйткені федералды маңызы бар 3 жол осы республиканың аумағы арқылы өтеді, ал бес жүз шақырым радиуста – 6 миллион қала.
Сурет: yandex.ua