Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы Өзбекстандағы Қазақстан жылына орай Ташкентте “Қазақстан – дала және тау рухы” атты көркемөнер көрмесін ұйымдастырды, деп хабарлайды Қазақстан Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Көркемөнер көрмесі Өзбекстандағы Қазақстан елшілігінің қолдауымен және “Рухани жаңғыру” бағдарламасын, сондай-ақ мұражай ісі саласындағы ТМД-ға қатысушы елдердің ынтымақтастығы туралы келісімді іске асыру шеңберінде өтті.
Іс-шарада республиканың ұлттық көркемөнер шығармашылығының үздік үлгілері ұсынылды. Көрме келушілерге қазақстандық суретшілердің шығармаларын көруге мүмкіндік береді.
Қазақстан ведомствосы экспозицияның басым бөлігін аға буын суретшілерінің туындылары құрайтыны атап өтті. Атап айтқанда, көрмеде Әбілхан Қастеевтің “Алма – Аты жаңа құрылыстары”, “Медеу биік таулы мұз айдыны”, Әубәкір Ысмайыловтың “Бес Шатыр”, Молдахмет Кенбаевтың “Алма-Аты маңы таулары” және басқа да танымал отандық суретшілердің көркем туындылары қойылған.
Өнер саласындағы сарапшылар көрме туралы пікірлерімен бөлісті. Олар Ташкенттегі осы көрмеде ұсынылған әрбір сурет бірегей екенін мәлімдеді.