Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі басшысының орынбасары Олжас Әбішев Тәжікстан Республикасының денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрі Насим Олимзодовпен кездесті.
Кездесуге сондай-ақ Тәжікстанның Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Мирхамуддин Камолзода, реформа, алғашқы медициналық-санитарлық көмек және халықаралық қатынастар басқармасының халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы “Сифат Инотех Инвест” директоры Манижа Мухаммад қатысты.
Әңгіме барысында қатысушылар медицина саласын цифрландыруға қатысты мәселелерді талқылады. “Сифат Иннотех Инвест” командасы еліміздің денсаулық сақтау вице-министріне қазір дайындалып жатқан әзірлемелер мен бағдарламаларды көрсетті.
Өз кезегінде Олжас Әбішев Тәжікстан денсаулық сақтау министрлігімен өзара қарым-қатынас үшін медициналық салада және IT инфрақұрылымда талқыланатын менеджерлер қажеттігіне назар аударды.
Қорытынды бойынша Олжас Әбішев пен Тәжікстан денсаулық сақтау министрінің орынбасары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қояды.Бұл екі ел арасындағы мемлекетаралық өзара іс-қимыл қадамдарын және технологиялар трансфертін жоспарлауға мүмкіндік береді.
Сурет: zakon.kz