ОПЕК құрамына кіретін мұнай өндіруші елдер министрлерінің кезектен тыс отырысы өтті. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Онлайн режимінде өткен конференция барысында Қазақстанның энергетикалық ведомствосының басшысы Нұрлан Ноғаев біздің мемлекетіміз сындарлы диалог жүргізу саясатын ұстанып, әлемдік экономикалық аренада қалыптасқан жағдайды ескере отырып, еліміз мұнай өндіруді ұжымдық қысқартуға қатысуға дайын екенін мәлімдеді.
Министрлік вебинардың қорытындысы бойынша ОПЕК елдері мен оған кірмейтін мемлекеттер 1 мамырдан бастап екі ай мерзімге мұнай өндіруді 9,7 миллион баррельге қысқартуға міндеттенетін келісімге қол қойды. Қазақстан тарапы да осы Келісімге қол қойды.