ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шашмидинова “Нұр Отан” партиясының съезінде берілген Елбасының тапсырмаларын орындау бойынша өткен конференцияда оқушылардың білімін бағалауға өз көзқарасын білдірді, деп хабарлайды Total.kz.
Оның пікірінше, мұғалімдер болашақта оқушы не үшін жұмыс істеу керектігін түсінуі үшін түсіндірумен бірге нақты ақпараттық баға беру қажет. Бұдан басқа, бағалау тек білімі үшін балл ғана емес, градация формуласы, оқушының мүмкіндіктерін түсінуі, одан әрі жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін мақсаттары болуы тиіс.
Осыған орай, Білім министрлігінің басшысы дәл осы мұғалімдер үшін қиындық тудырады деп санайды. Осы түр бойынша дұрыс сабақтар, тапсырмалар мен жаттығулар жасау американдық психолог Бенджамин Блумның оқу-жаттығуының жаңа бағыты болып табылады.
Күләш Шамшидинова оқушының өз бағасын психологиялық қысымсыз жақсартуға мүмкіндігі болу керектігіне сенімді.
Сурет: nur.kz