Шығыс Қазақстан облысында Қазақстан-кәріс ынтымақтастығының форумы өтті, оған кәрістер тарапынан Қазақстандағы Корея елшілігінің консулы, Канвандо корей провинциясының және республикалық Кәрістер қауымдастығының өкілдері қатысты.
Форум барысында Корей делегаттары ШҚО мен Корея арасында сауда айналымы өсуде, бүгінгі таңда оның көлемі шамамен 50 млн долларды құрағанын атап өтті.
Хаттамалық кездесуде оған қатысушылар білім беру, денсаулық сақтау, туризм, кәсіпкерлік салаларындағы одан әрі ынтымақтастық мәселелерін қарастырды. Сонымен қатар, тараптар Корея Smart city бағытында тәжірибемен бөліседі деген ортақ пікірге келді.
Сондай-ақ, Қазақстан-корей форумы аясында Корея делегациясы ШҚО-ның өндірістік нысандарында болды. Сонымен қатар, корей делегаттары ҚАЕУ университетімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.