ТМД стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңесте Қазақстан Республикасының өкілі басшылық етті. Бұл туралы ҚР сауда және интеграция министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
“Бірауыздан қабылданған шешім бойынша стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңестің төрағасы болып ҚР техникалық реттеу және метрология комитетінің басшысы Арман Шәкқалиев сайланды”, – делінген жұма күні таратылған хабарламада.
Дауыс беру Ресейдегі Пятигорскте ТМД стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі МАСК-ның 55-ші отырысында өтті.
Шаққалиев 2018 жылдың шілдесінен бастап ТРМК-ны басқарады. Бұған дейін 2016 жылдан бастап 2018 жылға дейін ол Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) техникалық реттеу және аккредиттеу департаментінің директоры болды, ал бұрын – 2008 жылдан 2016 жылға дейін ТРМК “Қазақстандық стандарттау және сертификаттау институты” РМК-ны басқарды.