Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қатысты мәселелер жөніндегі кеңес барысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың наразылығының тууы себебін түсіндірді, деп хабарлайды Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.
Біздің ел көшбасшысының пікірінше, мұның басты себептерінің бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі әрекетсіздік.
“Жаппай сипаттағы қылмыстық көріністер, әдетте, сыбайлас жемқорлық деңгейі жоғары өңірлерде орын алуы кездейсоқтық болуы мүмкін емес”, – деп атап өтті Президент.
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті бағалау белгілі бір билік органында анықталған пара фактілерінің санына емес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу және азайту бойынша қабылданатын шаралар негізінде қалыптастырылуы тиіс екенін баса атап өтті.
Кеңес аясында Тоқаев қазір барлық мемлекеттік қызметкерлер сыбайлас жемқорлық қаупінің туындауының алдын алуға тырыспайтынын айтты. Сондықтан мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоға және Қазақстанның Бас прокуратурасына оған сыбайлас жемқорлыққа қарсы лайықты іс-әрекет етпейтін басшылардың аты-жөні көрсетілетін жартыжылдық есеп беруді тапсырды.
Сурет: sputniknews.kz