Отандық тауарларды Парсы шығанағы елдерінің нарығына экспорттау үшін Қазақстан Иран порттарында екі логистикалық орталық салады, деп хабарлайды kapital.kz.
Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді мен Иранның көлік және қала құрылысы министрі Мұхаммед Ислам және ауыл шаруашылығы джихады министрінің орынбасары Иаздан Сейфпен кездесуінде белгілі болды.
Иран астанасында Қазақстан-Иран саяси кеңестері ұйымдастырылды. Кездесу екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы “Бесжылдық бағдарламаны” жүзеге асыру аясында өтті. Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын, атап айтқанда, транзит-көлік әлеуетін дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін Иранға экспорттау мәселелерін талқылады.
Сурет: cfts.org.ua