“Махачкала” артиллериялық кемесі және Ресейдің әскери-теңіз флотының “Анатолий Гужвин” кіші гидрографиялық кемесі екі бауырлас елдердің флоттары арасындағы әскери ынтымақтастықты дамыту және нығайту үшін Ақтау қаласының портына келді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстанның қорғаныс ведомствосының ақпараты бойынша, бұл ресейлік кемелердің Ақтау қаласының портына екінші сапары.
Біздің еліміздің әкскери-теңіз күштерінің басшылығы Маңғыстау облысының басшылығымен бірлесіп ресейлік теңізшілерді қарсы алып, оларға өлкетану мұражайында мәдени бағдарлама өткізді.
Сурет: Inform.kz