Қазақстанның энергетика министрі Қанат Бозымбаев Ресейден Қазақстанға теміржол көлігімен бензин әкелуге тыйым салынбайтынын мәлімдеді. Бұл туралы “ТАСС” ақпарат агенттігі хабарлады.
“Қазір біздің тиісті сараптамалық қызметтер жұмыс істеп жатыр. Мен жазда тыйым салу қажет деп есептемеймін,себебі бағалар бойынша айырмашылық соншалықты үлкен,ресейлік бензинді Қазақстанға әкелудің ешқандай мағынасы жоқ.Тек біздің бензиніміз Ресейге контрабанда арқылы кетіп кетіп қала ма деп қорқамын”, – деді Қанат Бозымбаев.
Қазіргі уақытта Қазақстанның мемлекеттік органдары Қазақстан Республикасының Энергетика министрі «Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына мұнай өнімдерін жеткізудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығын қарастыруда. Осы құжатқа сәйкес, Ресейден Қазақстанға үш айға дейін бензин импортына тыйым салынады.
Естеріңізге сала кетейік, бұрын Ресей Федерациясынан теміржол арқылы бензин импортына тыйым салынған. 2019 жылғы 2 наурыздан бастап бензин импортына тыйым салу күшіне енген юолатын.