Қазақстан энергетика министрлігінің өкілдері, сондай-ақ ведомствоға қарасты ұйымдардың қызметкерлері әскери бөлімнің жарылысынан зардап шеккен Арыс тұрғындарына материалдық көмек көрсетті. Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Министрлік қызметкерлері өздерінің бір күндік жалақысын Арыс қаласының тұрғындарына аударды. Олар барлық өнеркәсіп кәсіпорындарын қиын жағдайға тап болған отандастарына көмек көрсетуге шақырады.
“Біз мұнай-газ саласының барлық кәсіпорындары мен компанияларын зардап шеккендерге барынша көмек көрсетуге шақырамыз. Егер халық біріксе, ешқашан жеңілмейді. Күшіміз бірлікте және ынтымақта көрінеді!Қиын жағдайда қолдайық!”- деп хабарлады Қазақстан энергетика министрлігінде.