Қазақстанның Вьетнамдағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ерлан Байжанов Вьетнам Социалистік Республикасының президенті Нгуен Фу Чонгуға сенім грамоталарын тапсырды. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Марапаттау рәсімінде еліміздің елшісі Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Вьетнам басшысына арнаған жылы лебізін білдірді.
Вьетнам Президенті Қазақстан елшісіне құттықтау сөзін айтып, алдағы уақытта жауапты қызметте табыс тіледі.
Сондай-ақ кездесу барысында қатысушылар екі ел арасындағы одан әрі өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
“Сіз елшісі болып табылатын Вьетнам мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас өте жақсы дамып келеді. Мен бұл ынтымақтастық одан әрі нығая беретініне сенемін”, – деді Вьетнам Президенті.