Қазақстанның Швейцариядағы төтенше және өкілетті елшісі Әлібек Бақаев Швейцария Конфедерациясының Президенті Ули Маурерге сенім грамоталарын тапсырды.Бұл туралы Қазақстан Республикасы сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметі хабарлайды.
Кездесу барысында Қазақстан мен Швейцария арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың даму деңгейін жоғары атап өтті.
Сондай-ақ, Қазақстан елшісі мен Швейцария президенті алдағы екі жақты іс-шаралардың кестесін, оның ішінде жоғары деңгейдегі сапарларды және осы жылдың 28 қазанында Берн қаласында өтетін сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Швейцария үкіметаралық комиссиясының отырысын қарастырды.
Кездесу соңында Швейцария Конфедерациясының Президенті Қазақстан дипломатына оның дипломатиялық миссиясында табыс тіледі.