Қазақстан Республикасының Әзірбайжан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Сержан Әбдікәрімов Әзірбайжан Сыртқы істер министрі Эльмар Мамедъяровқа сенім грамотасының көшірмесін табыс етті. Бұл туралы Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ақпараты бойынша,кездесу барысында Күн тәртібінің өзекті мәселелерін қарап, алдағы маңызды іс-шараларға дайындықты талқылады.
Қазақстандық елші екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін бар күш-жігерін жұмсайтынын мәлімдеді.
Өз кезегінде, Әзірбайжан Сыртқы істер министрлігінің басшысы біздің елмен өзара қарым-қатынастың одан әрі нығаюына сенім білдіріп, қазақстандық дипломатқа дипломатиялық миссиясында табыс тіледі.