Қазақстан Республикасының Румыниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрбах Рүстемов Румыния президенті Клаус Йоханниске сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі Румыния басшысына Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ізгі тілектерін жеткізді.
Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының ақпаратына сәйкес, кездесу барысында біздің республикамыз бен Румыния арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға байланысты мәселелер қозғалды.
Екі мемлекет арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту туралы айта келе, Қазақстан дипломаты Қазақстан мен Румынияда көптеген қызмет салаларында ынтымақтастықты дамыту әлеуеттері бар екенін атап өтті.
Өз кезегінде Румыния Президенті қазақстандық елшіні дипломатиялық миссиясының басталуымен құттықтап, қызметінде табыс тіледі.