Қазақстанның Израильдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Сатыбалды Бұршақов осы мемлекет президентінің кеңесшісі Шули Давидовичпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Қазақстан елшісі мен Израиль Президентінің кеңесшісі екі ел арасындағы екіжақты өзара іс-қимылды кеңейту мен саяси диалогты нығайтуға қатысты бірқатар мәселелерді қарастырды.
Қазақстандық сыртқы саясат ведомствосының ақпараты бойынша, кездесу аясында тараптар келесі жылы өтетін бірлескен іс-шаралар жоспарына назар аударды.
Кездесу соңында қазақстандық дипломат Израиль Президентінің кеңесшісіне алғысын білдірді,ал ол өз кезегінде елшіге дипломатиялық миссиясында сәттілік тіледі.