Нұр-Сұлтанда АҚШ елшілігінің жанында саяси тұтқындарды қолдау акциясы өтті. Бұл туралы “ҚазТАГ” ақпарат агенттігі жазады.
Белсенділер Америка мен Еуропада ресми түрде саяси тұтқын деп танылған адамдардың фотосуреттерімен келді. Акция орнында құқық қорғау органдарының қызметкерлері болды. Полицейлердің: “Рұқсат етілген митинг пе?”- деп сұрағына “бұл митинг емес”деген жауап алды.
Нәтижесінде полиция қызметкерлері акция қатысушыларын ұстаған жоқ.Іс-шара жалпы 20 минутқа созылды.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың 14 наурызында Еуропарламент еліміздің билігін республикамыздағы қуғын-сүргіннің барлық түрлерін тоқтатуға, сондай-ақ қамалған белсенділерді босатуға шақырды.
Сурет: novaygazeta.ru