Қазақстанда қазір импортталатын 250 халық тұтынатын тауарларды шығару жоспарланып отыр.
Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс, Қасымбек Қазақстан Үкіметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
“Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бөлінетін 600 млрд теңгенің 400 млрд теңгесі өңдеу өнеркәсібіне бағытталады. Бұл, импорты 82% құрайтын, қазақстандықтардың күнделікті қолданатын 250-ге жуық өнеркәсіптік тауарлар өндірісін іске қосуға мүмкіндік береді”, – деді министр.
Жеңіс Қасымбектің айтуынша, жаңа қаржыландыру аталған тауарлар бойынша импорттың үлесін таяу жылдары 50%-ға дейін азайтуға мүмкіндік береді.
Индустрия министрлігінің қызметкерлері маталар өндірісі, киім мен аяқ киім тігу, тыңайтқыштар, лак-бояу өнімдері, терезе мен есік, жиһаз және т.б. өндірістеріне жағдай жасалатынын атап өтті.
Сулет: inform.kz