Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Тәуелсіздік күніне орай дипломаттарды марапаттау рәсімі өтті. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Салтанатты рәсімге қатысушылар алдында сөз сөйлеген қазақстандық сыртқы саяси ведомство басшысының бірінші орынбасары Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күш-жігерінің арқасында біздің республика әлемдік қоғамдастықтың дербес және беделді елі болғанын атап өтті.
Президент Тоқаевтың жарлықтарымен Қазақстанның Сыртқы істер министрінің орынбасары Марат Сыздықов, біздің Республикамыздың Бельгиядағы елшісі Айгүл Құспан және Қазақстанның дипломатиялық ведомствосының жауапты хатшысы Нұрлан Сейтімов “Құрмет” орденімен марапатталды.
Мемлекет басшысының басқа жарлығымен ТМД Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесі бас хатшысының орынбасары Асхат Нүсіпбай “Ерен еңбегі үшін” медалімен марапатталды.
Сонымен қатар, Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің бірқатар қызметкерлері Қазақстан Республикасының премьер-министрі мен сыртқы істер министрінің грамоталары мен алғыс хаттарына ие болды.