Эхо Қазақстан
  • Главная
  • Политика
  • Экономика
  • Общество
    • Коррупция
    • Криминал
    • Культура
    • Медицина
    • Образование
    • Религия
    • Спорт
    • Факты истории
  • В мире
    • Содружество
    • Украина
  • Аналитика
No Result
View All Result
Эхо Қазақстан
No Result
View All Result
Басты Тарих фактілері

Қазақстан делегациясы Қазан қаласында импорт алмастыру мәселесін талқылады

6 года назад
Делегация Казахстана обсудила вопросы импортозамещения в Казани

Татарстан астанасында «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б. В.» (КПО) компаниясы жабдық импорттын алмамтыруды дамыту тәжірибесімен танысты. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлайды.

«КПО компаниясының бас директоры Эдвин Блом бастаған делегация Татарстан Республикасының астанасы Қазан қаласына барды. Сапар Батыс Қазақстан облысының әкімдігі және «PSA» ЖШС өкілетті органымен бірлесе отырып, өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты дамыту аясында,Татарстан Республикасының мұнай-газ өнеркәсібінің жабдықтар өндірісі импортын алмастыруды дамыту тәжірибесімен танысу мақсатында ұйымдастырылды»,-делінген сәрсенбі күні хабарламада.

Сапар барысында инвестициялық даму агенттігінің, сондай-ақ Татарстан өнеркәсіп және сауда министрлігінің жоғары лауазымды өкілдерімен бірқатар кездесулер өтті.

Эдвин Блом өз сөзінде кездесуге қатысушыларға компанияның қызметі, оның Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібіндегі рөлі, сондай-ақ бағдарламалар мен болашақ жобалар туралы айтты.

Ол КПО жергілікті және шетелдік өндірушілер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететін отандық тауар өндірушілер мен жеткізушілерді белсенді түрде қолдайды деп мәлімдеді.

«Сапар аясында, тәжірибе алмасу үшін КПО делегациясы экономикалық аймақты дамыту тәжірибесімен және мұнай-газ өнеркәсібі үшін жабдықтар шығаратын кәсіпорындардың өндірістік — техникалық әлеуетімен танысу мақсатында «Алабұға» ерекше экономикалық аймағында орналасқан Татарстан Республикасының кейбір ірі кәсіпорындары мен зауыттарына барды», — делінген хабарламада.

Кездесу соңында Блом инвестициялық даму агенттігі мен Татарстан өнеркәсіп және сауда министрлігіне табыс тіледі.

Сурет: Kaztag.info

Новости СМИ2
Алдыңғы

Еуразиялық одаққа Орта Азияның тағы бір елі кірмек

Келесі

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Сочиде Валдай форумында кездеседі

Ұсынамыз Пост

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды
Тарих фактілері

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды

29/05/2021 17:43

Қазіргі кезде аталған факті бойынша Түркістан облысының полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жүргізіліп жатқан іздеу жұмыстары барысында 29 мамырда сағат 00:30-да Өгем өзенінен екі адамның мәйіті табылды. Марқұмның бірі тауда жоғалып кеткен туристер тобының мүшесі, 1999 жылы туған азамат...

Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды
Тарих фактілері

Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды

29/05/2021 15:12

Шенеуніктер ауыл арасында көгілдір отын құбырын жүргізу үшін тендер жариялағанымен, кейін оны тоқтатып тастаған.   Ақтөбе іргесіндегі Жаңақоныс-4 ауылының тұрғындары жаңадан салынған үйлеріне кіре алмай отыр. Өйткені елдімекенде ішер судан бастап, газ құбыры да жоқ. Ал шенеуніктер болса коммуникация жүйесін...

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды
Тарих фактілері

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды

29/05/2021 10:18

Ведомство өкілдері полковник Асылбек Сатыбалдиновті жақсы жағынан сипаттап, мақтаулы мамандардың бірі ретінде атады. Қорғаныс министрлігіндегі қару-жарақ және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің бастығы полковник Асылбек Сатыбалдинов ұсталды. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстан тілшісіне қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі растады. "2021 жылы 28 мамырда құқық қорғау...

Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді
Тарих фактілері

Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді

28/05/2021 18:41

2019 жылдан бастап Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті заңсыз ойын орындарын жою бойынша рейдтік іс-шаралар барысында қаланың әртүрлі аудандарында ойын терминалдары заңсыз жұмыс істейтін 712 сауда орнын анықтады, деп хабарлайды zakon.kz. Заңсыз ойын мекемелерін ұйымдастырғаны үшін 80 адам сотталды, 94...

2

В тренде

    3
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
    • В мире
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.

    No Result
    View All Result
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
      • Коррупция
      • Криминал
      • Культура
      • Медицина
      • Образование
      • Религия
      • Спорт
      • Факты истории
    • В мире
      • Содружество
      • Украина
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.