Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының директоры Дамир Көбжасаров дәрігерлер Қазақстанда COVID-19-дың екінші өршуін болжайтынын айтты. Бұл туралы . vlast.kz ақпарт агенттігі хабарлады.
Оның айтуынша, коронавирус инфекциясының екінші ошағы республикамызда күздің екінші жартысында орын алуы мүмкін. Ол індет әлі өтпегендіктен, қазақстандықтарға босаңсуға болмайды деп санайды.
“Коронавирус тек бізде ғана емес, басқа елдерде де жойылған жоқ. Ерте ме, кеш пе осы инфекцияны тудыратын симптомсыз тасымалдаушылар бар”, – деді Дамир Көбжасаров.
Коронавирус туралы айта келе, Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі республикадағы аурудың таралуын бақылап және алдын-алып, жоғары деңгейге жеткізбеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берген карантиндік шаралардың маңыздылығын атап өтті.
Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 4753 жағдайы ресми түрде тіркелді, олардың ең көп саны Алматыда – 1502 жағдай анықталды.
Қазір елімізде COVID-19-дың күрделі жағдайына байланысты төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін әрекет етеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, егер жаңа өршу болмаса, ол тоқтатылады.
Сурет: diapazon.kz