Қазақстанның Білім және ғылым министрлігінің өкілдері азаматтық авиация академиясында жоспардан тыс тексеру жүргізілгенін хабарлады.Оның нәтижесінде елеулі бұзушылықтар анықталды.
Бұрын академияда тексеру жүргізіліп, оның барысында да бұзушылықтар анықталып, мекеме басшылығына оларды жою тапсырылды. Жағдай өзгерген жоқ, бұзушылықтар жойылмаған.
Осыған байланысты, әкімшілік тәртіп бұзушылықтар туралы Кодекске сәйкес азаматтық авиация Академиясы білім беру қызметін жүргізу лицензиясынан айырылып, әкімшілік айыппұл алауы мүмкін.
Қазақстан Білім және ғылым министрлігінің ақпараты бойынша, бүгінгі таңда осы әкімшілік істің материалдары Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілді. Академияданың лицензиясыз қалауын немесе білім беруін жалғастыруын сот шешімі анықтайды.
Сурет:Tengrinews.kz