Біздің республикамыздың басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда індеттің таралуының алдын алу мақсатында тағы да қатаң карантин режимін енгізу керектігін мәлімдеді, деп хабарлайды “ҚазТАГ” ақпарат ресурсы.
Бұл мәлімдемені ол бүгін коронавирус инфекциясымен күреске бағытталған шаралар талқыланған кеңес барысында жасады.
Осыған байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев премьер Асқар Мамин басқаратын мемлекеттік комиссияға Қазақстанда карантинді күшейту жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.
“Ағымдағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша шұғыл шаралар қабылдау мақсатында мемлекеттік комиссияға екі күндік мерзімде қатаң карантин енгізу мәселесі бойынша ұсыныс енгізуді тапсырамын”,-деп мәлімдеді Президент.
Мемлекет басшысы эпидемияның таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия өзіне жүктелген міндеттерді толық көлемде орындай алмағанын атап өтті.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, біздің елімізде коронавирусты жұқтырудың 21327 жағдайы тіркелді, олардың ең көп саны Нұр-Сұлтанда – 3788 жағдай анықталды.
Сурет: informburo.kz