Ресей Федерациясы аумағындағы біздің республикамыздың азаматтарында Отанына оралу мүмкіндігі туды. Бұл үшін арнайы жаңа репатриациялық рейстер ұйымдастырылды, деп хабарлайды Қазақстанның Ресейдегі дипломатиялық өкілдігінің баспасөз қызметі.
18 шілдеге жоспарланған репатриациялық рейспен азаматтар Мәскеуден Алматыға жете алады. Оны қазақстандық Air Astana әуекомпаниясы орындайды.
Ресейден отанына оралғысы келетін Қазақстан азаматтары үшін барлығы 18 репатриациялық рейс ұйымдастырылды. Оларды Air Astana және SCAT авиакомпаниялары ағымдағы жылдың шілде және тамыз айларында жүзеге асыратын болады.
Қазақстан елшілігінде азаматтар репатриациялық рейстер туралы толық ақпаратты Air Astana және SCAT әуе тасымалдаушыларының ресми сайттарынан ала алатынын атап өтті.
Сонымен қатар, дипөкілдікте репатриациялық рейстерге билеттерді сатуды авиакомпаниялар жүзеге асыратынын, сондықтан оларды сатып алу үшін Air Astana және SCAT ресми порталдарына тиісті өтінім беру қажет екенін айтты.
Сурет: Aviav.ru