20 наурызда ПТР-анықтамасыз шетелден ұшып келген екі қазақстандықта коронавирус анықталды, деп Tengrinews.kz санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
2021 жылғы 20 наурызда шетелден ПТР-анықтамасыз 400 қазақстандық ұшып келді.
“Екі жолаушыда коронавирустық инфекция анықталды. Оның ішінде бір жолаушы Шарм-эль-Шейх — Ақтөбе рейсімен, екіншісі Минск — Нұр — сұлтан рейсімен келді”, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ, жаңа статистика ұсынылған. 2021 жылғы 21 наурызда Қазақстанға Германия, Венгрия, Мальдив Республикасы, Шри-Ланка, Ливан, БАӘ, Египет, Түркия, Грузия, Украина, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 43 халықаралық әуе рейсі келді. ПТР-тестілеу нәтижесімен анықтамасыз 177 қазақстандық келді. Оның ішінде Алматыда-141 адам, Нұр-Сұлтанда — 29, Түркістанда — 7 адам.
Анықтамасыз келген қазақстандықтар covid-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарда өз нәтижелерін күтуде.
Бұған дейін мысырлық Шарм-эль-Шейхтен ұшып келген алты қазақстандықта коронавирус анықталған болатын.