ҚР Ішкі істер министрлігі еліміздің аумағында Конституцияның 24 жылдығын мерекелеу кезеңінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында “Құқықтық тәртіп” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
Екі күн ішінде полиция қызметкерлері 2117 қылмысты тіркеді,олардың 1287-і ашылды. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері 91 қылмыскерді құрықтады.
Құқық қорғау ведомствосының ақпараты бойынша, жедел алдын алу шарасы кезінде қылмыстық тұлғалардан 66-ға жуық заңсыз қару және 61,5 килограмм есірткі заттары тәркіленді.
Бұдан басқа, құқық қорғау ведомствосының қызметкерлері отыз бес мыңнан астам әкімшілік құқық қатынастарын анықтады.
Сурет: 24.kz