Ауғанстанға теміржолмен біздің республикадан гуманитарлық көмек жетті, деп хабарлайды Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметі.
Осыған байланысты Ауғанстанда гуманитарлық жүкті тапсыру рәсімі өтті, оған осы елдің Сыртқы істер министрлігі, Балх провинциясы әкімшілігі және Қазақстан дипломатиялық өкілдігінің өкілдері қатысты.
Ауғанстанға 46 вагонмен жіберілген ізгілік көмек барлық белгіленген санитарлық нормаларды сақтай отырып жеткізілді. Гуманитарлық жүк 500 тонна макарон өнімдерінен, 1900 тонна ұннан, 200 мың қойылтылған сүт және 4 мың литр күнбағыс майынан тұрады.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде азық-түлік тауарлары түріндегі ізгілік көмек Ауғанстан үкіметінің қарамағына берілгенін, кейін оны мұқтаж азаматтар арасында тарататынын атап өтті атап өтті.
Сонымен қатар, сыртқы саясат ведомствосының ақпаратына сәйкес, эпидемияның таралуы кезінде Қазақстанға Ресей Федерациясынан, Біріккен Араб Әмірліктерінен, Үндістаннан, Пәкістаннан және тағы да бірқатар елдерден ізгілік көмек жеткізілді.
Сурет: kaztag.kz